Науқастарға арналған жадынама
📋 Науқастарға арналған жадынама
Жоспарлы стационарлық емдеуге жатқызу тәртібі
📄 Бағалар тізімін көру
Барлық медициналық қызметтердің толық бағалары
Жоспарлы стационарлық емдеуге жатқызу тәртібі
(ҚР Денсаулық Сақтау және Әлеуметтік Даму министерлігінің РК 29 қыркүйектегі 2015 жылғы №761 "Стационарлық көмек көрсету ережесін бекіту туралы" заңы)
Емдеуге жатқызу бюросының негізгі мақсаты - Кепілдендірілген тегін медициналық көмектің көлемі шеңберінде жоспарлы емдеуге жатқызарда азаматтардың медициналық ұйымды еркін таңдау, қолжетімділігі мен ашықтығын арттыру құқықтарын қамтамасыз ету.
Денсаулық Сақтаудың Бірыңғай Ақпараттық Жүйелер шеңберінде тәуліктік стационарға жоспарлы емдеуге жатқызу қажет болған жағдайда әрбір Қазақстан Республикасының азаматының, тұрғылықты және тіркелген мекен-жайына қарамастан, медициналық ұйымды таңдауға мүмкіндігі бар.
Бұл не?
Емдеуге жатқызу Бюросының порталы - бұл сіздің Республикамыздың кез-келген стационарларындағы алдағы үш күнге бос төсектер туралы ақпаратты ала – алатын интернет-ресурс (https://bg.eisz.kz). Егер Сіз дәрігерден емдеуге жатқызуға арналған коды бар жолдаманы алған болсаңыз, онда Сіз аймақтық және республикалық клиникалардың ағымдағы кезегің қарап, өз кезегіңізді қадағалай аласыз.
АУРУХАНАҒА ЖАТҚЫЗУ ТӘРТІБІ
Жоспарлы емдеуге жатқызу – бұл науқастың созылмалы аурулары, өмір сүру үшін қауіпсіз кезіңде (анықталған жағдайда), жедел дәрігерлік араласуды талап етпейтін жағдайларында дәрігердің ауруханаға емдеуге бағытталуы. Жоспарлы емдеуге жатқызу Емдеуге жатқызу Бюросы порталы арқылы науқастың медициналық ұйымды таңдауына сай бірнеше күн ішінде жүзеге асырылады.
Емдеуге жатқызу Бюросы порталы - Кепілдендірілген тегін медициналық көмектің көлемі шеңберінде науқасты жоспарлы ауруханаға жатқызу жолдамаларын тіркеу, есепке алу, өңдеу және бірыңғай электронды сақтау жүйесі.
Жоспарлы емдеуге жатқызу үшін:
- Тері - венерологиялық диспансерінің емхана дәрігеріне тіркелу орны бойынша жолдама алу керек.
- Емхананың емдеуші дәрігері науқасты қарап, ауруын толық көлемде диагностикалау үшін қажетті зерттеулерді тағайындайды.
- Емхана жағдайында минималды көлемде (қажетті) зерттеулерден өту керек.
- Емдеуші дәрігер диспансердің бөлімше меңгерушісімен бірлесе отырып, науқасты емдеуге жатқызу қажеттігі туралы шешім шығарады.
- Дәрігер жолдаманы ресімдейді және бос төсек – орын болған жағдайда ауруханаға жатқызу кодын және науқасты емдеуге алған күнің көрсете отырып, Емдеуге жатқызу Бюросы порталында науқастың деректерін тіркейді.
- Дәрігер сіздің деректеріңізді Емдеуге жатқызу Бюросы порталына кіргізгеннен кейін сіздің қолыңызға жеке коды бар жоспарлы емдеуге жатқызуға арналған талон береді. Деректер құпия болып табылады.
- Өтінім порталда тіркелген кезден бастап 2 күн ішінде аурухана жоспарлы емдеуге жатқызу алдын ала күнін анықтайды.
- Аурухана емдеуге жатқызу күнін анықтағаннан кейін дәрігер сізге жоспарлы түрде ауруханаларға жіберу жолдамасын береді.
- Емдеуге жатқызуды күткен мерзімде сіз емхана дәрігерінің байқалуындаболасыз. Үздіксіз бақылау міндетті болып табылады.
- Сіз ауруханаға жатқызу туралы жолдамадағы көрсетілген мерзімде келуге міндеттісіз. Күтпеген жағдаяттар туындаған жағдайда (басқа жіті аурулары, басқа жаққа кету, билеттің болмауы т. б.) дәрігерді уақытында хабардар ету қажет. Пациент келмеген жағдайда, өтінім күшін жояды.
Ауруханаға жоспарлы емдеуге жатқызу кезінде болуы тиіс мынадай құжаттар:
- Жеке куәлігі
- Барлық талдаулар мен диагностикалық зерттеулер нәтижелері
- Емдеуге жатқызу талоны
- Емдеуге жатқызуға арналған жолдама (мөрмен және қолмен расталады)
Бұл ауруханаға жатқызу құжаттар пакеті толық болмаған жағдайда аурухана науқасты емдеуге жатқызудан бас тартуға құқылы!!!
Ауруханадағы көмек көрсету тәртібі
Ауруханалық көмек - тәулік бойы медициналық бақылауда жасалатын білікті, мамандандырылған және жоғары мамандандырылған медициналық көмек.
Жоспарлы емдеуге жатқызу талоны – бұл Порталда жоспарлы емделуге жатқызуға тіркеліп және жолданған фактісін растайтын құжатты.
Ескертпе:
Тегін медициналық көмектің кепілді көлемі (ТМККК) аясында қызметтер тегін көрсетілуі тиіс.
📥 Материалдарды жүктеу
60 құжатты жүктеп алыңыз (PDF, DOCX, XLSX)
1
1.51 MB • mp4
2.
850 KB • mp4
3.
420 KB • mp4
4.
120 KB • mp4
5.
85 KB • mp4
6.
650 KB • mp4
7.
320 KB • mp4
8.
200 KB • mp4
9.
450 KB • mp4
10.
280 KB • mp4
Қалған 50 файлды көрсету
11.
980 KB • mp4
12.
750 KB • mp4
13.
150 KB • mp4
14.
340 KB • mp4
15.
1.2 MB • mp4
16.
550 KB • mp4
17.
890 KB • mp4
18.
720 KB • mp4
19.
180 KB • mp4
20.
610 KB • mp4
21.
310 KB • mp4
22.
270 KB • mp4
23.
410 KB • mp4
24.
530 KB • mp4
25.
390 KB • mp4
26.
470 KB • mp4
27.
360 KB • mp4
28.
220 KB • mp4
29.
165 KB • mp4
30.
295 KB • mp4
31.
810 KB • mp4
32.
690 KB • mp4
33.
380 KB • mp4
34.
570 KB • mp4
35.
490 KB • mp4
36.
630 KB • mp4
37.
420 KB • mp4
38.
510 KB • mp4
39.
590 KB • mp4
40.
670 KB • mp4
41.
770 KB • mp4
42.
330 KB • mp4
43.
440 KB • mp4
44.
520 KB • mp4
45.
850 KB • mp4
46.
730 KB • mp4
47.
370 KB • mp4
48.
480 KB • mp4
49.
560 KB • mp4
50.
190 KB • mp4
51.
410 KB • mp4
52.
790 KB • mp4
53.
310 KB • mp4
54.
540 KB • mp4
55.
450 KB • mp4
56.
210 KB • mp4
57.
620 KB • mp4
58.
490 KB • mp4
59.
710 KB • mp4
60.
950 KB • mp4